Шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасына қаржы құюға дайын
«Кәсібіңнен нәсіп көргің келсе, Қазақстанға кел. Мұнда шетелдік инвесторларға да қолайлы жағдай жасалған». Санмаринолық Джанни Помпони Қазақ елін әріптестеріне осылай жарнамалап жүр.
Кәсіпкер былтыр күзде Елордадан мейрамхана, пицеррия ашыпты. Жарты жылда жақсы пайда көргенін айтады. Ендігі мақсаты - кәсібін кеңейтіп, Астана мен Алматы қалаларында мейрамханалар желісін көбейту.
Джанни Помпони, кәсіпкер (Сан-Марино):
Мен дәл осындай пиццерия мейрамханасын Франция мен Бразилияда аштым, алдымен. Дегенмен, ол жаққа қарағанда Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған. Салық аз, пайда көп. Қазақ еліндегі инвестициялық климаттың тартымдылығы қазір Еуропадағы кәсіпкерлердің көбісін қызықтырып отыр. Оның үстіне Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында шетелдік инвесторлар үшін біраз жеңілдіктер жасалатынын айтты. Сондықтан, біз Қазақстан экономикасына инвестиция құйып қана қоймай, өзіміз де қыруар пайдаға кенелеміз.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04