Астанада Қазақстан халқы достығының XIX қалалық фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан халқы достығының XIX қалалық фестивалі өтті

16.04.2018

«Қазақстан – ортақ үйіміз!». Осындай атаумен Астанада Қазақстан халқы достығының XIX қалалық фестивалі өтті. Биылғы шара елорданың 20 жылдығына арналды. Байқау аясында 17 этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымы сахнада өнер көрсетті. Талапкерлер хор, вокал, аспапта орындау, хореография жанрларында бақ сынады. Мәдени орталықтардың тыныс-тірлігін суреттейтін фотокөрме ұйымдастырды. Фестивальде топжарғандар Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мерекелік концертке қатысады.

Ләззат Құсайынова, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

- Үш жүлделі орын болады. Бірінші жүлде – 500 мың теңге. Екінші орынға – 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге бөлінеді.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу