Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына барды

13.04.2018

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына барды. Үкімет басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаев міндеттеген бес әлеуметтік бастама, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік және салалық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Бірқатар өндіріс орындары мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.  

Білім беру саласының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік және жастар саясатының өзекті мәселелері талқыланды. Маман даярлау, техникалық мамандықтарға бөлінетін гранттарды көбейту, еңбек нарығындағы өзгерістер және цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Елбасы жүктеген міндеттерге сай, Атырау музыка колледжінің аумағында 100 орындық жатақхана құрылысы жүріп жатыр. Шілде айында пайдаланылуға беріледі.

Өңірдегі денсаулық саласының дамуын көру үшін Үкімет басшысы №3 қалалық емханаға барды. Премьер-Министр цифрлы технология негізінде жүзеге асырылып жатқан электронды кезектің қолданылу барысын көрді. Сондай-ақ, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жетілдіре түсу жайы талқыланды.

Үкімет мүшелері жиналғандарға Елбасының бес бастамасы бағытында атқарылып жатқан шаралар жайын баяндады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын салмақтаған Үкімет басшысы аймақтағы мемлекеттік бағдарламалардың оңтайлы жүзеге асып жатқанына оң бағасын берді.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу