Қызылордада «Сыр Ана» монументі жөнделіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Сыр Ана» монументі жөнделіп жатыр

13.04.2018

Қызылордада сәулетінен сын кеткен «Сыр Ана» монументі жөнделіп жатыр. Жыл сайын осы уақытта ескерткіш аллея жаңғыртылып, жаңартылады. Себебі, қаланың шетінде орналасқан демалыс орнын бұзақылар жиі бүлдіріп, айналаны қоқысқа толтырады. Сондықтан, жылда «Сыр Ананы» күтіп ұстау үшін жергілікті бюджеттен 60 миллион теңге қаражат бөлінеді. «Тағылымы мол, еңселі ескерткіштің төңірегі алдағы уақытта абаттандырылып, гүлзар баққа айналады», - дейді билік өкілдері.

Біржан Далабаев, Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:

- «Сыр Ана» монументі пайдалануға берілгеннен кейін есігі ашылып, сындырып, қиратып кету фактілері болған. Одан кейін қайта қалпына келтірілді. Барлығы қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін енді мұнда халық көптеп келеді деп ойлаймын. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу