ТМД көлемінде тұңғыш рет өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгрессінің ашылуына 70 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД көлемінде тұңғыш рет өтетін Дүниежүзілік тау-кен конгрессінің ашылуына 70 күн қалды

13.04.2018

Шараға дайындық барысын баяндаған ұйымдастырушылар Орталық коммуникациялар алаңында брифинг өткізді. Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец 19-22 маусым аралығында өтетін конгреске Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуға келісім бергенін мәлімдеді. Қазірдің өзінде 700-ге жуық делегат шараға мейман ретінде тіркелген. 

Әбдірәсіл Жәрменов, Минералды шикізат кешенді өңдеу бойынша ұлттық орталықтың бас директоры:

- Конгресті бүкіл дүниежүзі өткізеді. Сондықтан, оның қандай пайдасы бар деген сұрақ дұрыс емес деп ойлаймын. Оның пайдасы - ғалымдар, өндірістің адамдары, саясаткерлер бір-бірімен кездесіп, бірінші бір-бірімен байланыс орнатады, екіншіден, тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу