«Қазақфильмге» ұлттық статус беру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақфильмге» ұлттық статус беру керек

12.04.2018

Қазір еліміздегі кино саласының төңірегінде дау өршіп тұр. Себебі, «Кинематография туралы» заң жоқ. Ал, оны қабылдамай саладағы күрделі мәселелердің түйінін тарқатуға мүмкіндік жоқ.

Алматыда бірқатар сенатормен кездескен отандық киногерлер осыны айтты. Олардың сөзінше, қазақ киносының қарашаңырағын жекеге беру, тарихи ғимаратты  Астанаға көшіруге ешқандай негіз жоқ. Өйткені, Алматы - қазақ киносының өркендеген жері. Оған қоса, қазір киногерлердің 95 проценті аталған мегаполисте тұрады. Жалпы, «Қазақфильмге» биыл қазынадан 14 млрд 500 млн. теңге бөлінген. Егер, «Кинематография туралы» заң қабылданса, келешекте бөлінетін қаржы екі есеге көбеюі мүмкін. Десек те, ұлттық идеяны насихаттауға жұмсалатын қаржыны тиімді игеру үшін қожайын көп болмағаны жөн.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ                        

Хабарламаларға жазылу