Сарыағашта «Атамекен» ҰКП-ның үш орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағашта «Атамекен» ҰКП-ның үш орталығы ашылады

09.04.2018

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өзінің үш бірдей орталығын ашуды көздейді. Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Шымкентте өткен өңірлік кеңесте айтылды. Мұндай бастамаға тұрғындар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі негіз болған. Сарыағаш өңірдегі халқы ең көп әрі кәсіпкерлігі мейілінше дамыған аудан. Әйтсе де, сауалнама қорытындысы бойынша мұнда 121 мың адамның жұмыссыз екені анықталған. Сондай-ақ, ауданда көпшіліктің сұранысыне ие, 44 түрлі кәсіп түрін ашуға мүмкіндік бар екені де белгілі болды. Жаңадан құрылған орталықтар жұмыссыз жүргендердің ішінен бизнеске икемі бар 12 мың азаматты іріктеп, оларға кәсіпкерлікті оқытады. Сосын шағын несие беріп, өз ісін бастауға қолғабыс етпек. 

Эльдар Жұмағұлов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары:

- Екінші күрделі мәселе, қазір колледждерде әртүрлі кәсіптерге 2 жыл 8 ай оқытады. Осыған байланысты былтыр кәсіпорындардан оқу орталықтарын ашу бойынша «Атамекеннің» ұсынысы болған. Онда 2 айдан 6 айға дейін оқыту болады. 2-3 жыл оқудың қажеті жоқ. Осы жобалар арқылы 75 мың адамды оқытып, жұмысқа орналастырғымыз келіп отыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу