Медицина саласында сапалы маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицина саласында сапалы маман тапшы

06.04.2018

Елімізде медициналық жоғары оқу орындары жыл сайын 4 мыңнан астам маман даярлап шығарғанымен, бұл салада әсіресе, ауылдық жерлерде маман тапшы болып отыр және бар мамандардың кәсіби дайындығының сапасы сұрақ тудырады. «Үздік денсаулық сақтау ісі - дені сау ұлт» тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Оның айтуынша, елімізде денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше мән беріліп келеді, дегенмен, түйіні шешілмеген түйткілдер де бар. Медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру және ынталандырудың тиімді жүйесін қалыптастыру - күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің бірі. «Үкімет денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылдауы қажет», - деді жоғары палата төрағасы.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу