Елімізде «Татуластыру» орталықтары құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Татуластыру» орталықтары құрылады

06.04.2018

Дауларды сотқа жеткізбей шешу үшін елімізде «Татуластыру» орталықтары құрылады. Бұл туралы Астананың Есіл аудандық сотында өткен дөңгелек үстелде мәлім болды. Мамандардың айтуынша, алғашқы орталық осы жылдың соңына дейін үлгілік жоба ретінде Қызылорда қаласында ашылады. Сынақтан сәтті өтсе, басқа облыстарға таратылады.

Оның жұмысын әр өңірдің қадірлі қариялары, зейнеттегі судьялар, сауатты адвокаттар мен заңгерлер және ауыл билері үйлестіреді. «Тұрғындардың медиацияға жүгінуі сот органдарына түсетін жүктемені азайтып, дауласушы тараптардың әрі-бері сабылуын және артық шығындалуын болдырмас еді», - дейді заңгерлер.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу