Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская жастармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская жастармен кездесті

05.04.2018

Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская студенттермен жүздесті. Қазақ технология және бизнес университетінің тәлімгерлеріне Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын түсіндіріп, жүйелі жоспарларды жүзеге асыру үшін жастар да қыруар жұмыс істеуі керек екендігін айтты.

Әсіресе, студенттерге қатысты грант және жатақхана мәселелері талқыға түсті. Жастар түрлі сұрақтарын қойып, өздеріне түсініксіз болған мәселелерін көтерді. Жаңадан құрылған жобалар жастардың сапалы білім алып, бүгінгі нарық заманында бәсекеге қабілетті мамандар әзірлеуге септігін тигізетінін айтты.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу