Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынасына -  25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынасына -  25 жыл

05.04.2018

Айтулы мерейтойға орай Алматыда халықаралық көрме ұйымдастырылды. Қос елдің қазіргі заманғы қолданбалы өнеріне арналған шараның басты мақсаты - мәдени байланысты арттыру. Мемлекеттердің әріптестігін нығайту. 

Көрме аясында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттеріне  халықаралық деңгейдегі индонезиялық зергерлер шеберлік сағаттарын өткізді. 

Руни Палар, зергер:

- Зергерлік өнерде формулалар мен әдістерінде екі мемлекеттің мәдениетінде ұқсастықтар бар. Біз Қазақстанға бірінші рет келіп жатырмыз. Осы қарым-қатынастардың әрі қарай жалғаса беруіне өзіміздің үлесімізді қосамыз.  

Руслан ҚОСАНОВ

Хабарламаларға жазылу