Субсидиялау тәртібі өзгереді

30.03.2018

Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Ол өңірдің шаруа қожалықтарының, іргелі кәсіпорындарының тынысымен танысты.

Мәселен, Щучинск қаласындағы ет өңдеу зауыты өнімдерін ел аумағында және Ресей нарығында саудалайды. Сондай-ақ, өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен жиын өтті. Онда мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жайы баяндалды. Біріншіден, диқандар мен шаруалардың қаржыға қолжетімділігін арттыру үшін пайыздық үстемеге субсидия бөлу қайта қолға алынбақ. Екіншіден, экспортқа бағытталған кәсіпорындарға қолдау күшейтіледі. Ғылымға айрықша көңіл бөліп жатқан шаруашылықтарға да мемлекеттік қолдау ерекше болмақ. Алдағы көктемгі егіс науқанына берілетін көмек жайлы да айтылды.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:

- Көктемгі егістік науқанға дайындық ретінде 60 миллиард теңге бөлінді. Ол қазір бұрынғы белгіленген тәртіп бойынша барлық облыстарда, аудандарда шаруашылықтарға бөлініп жатыр. Жанар-жағармай мәселесі де шешілді. Нарықтан 12 процент арзандатылған дизель қазір үлкен зауыттардан босатылып, өңірлерге жеткізіліп жатыр. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу