Елордада оқушылар арасында эко-фестиваль басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада оқушылар арасында эко-фестиваль басталды

30.03.2018

Елордада «Астана! Бірге жарқыраймыз!» эко-фестивалі басталды. 100-ден астам мектептің 4000-ға жуық оқушысы бас қосқан бұл  жиында қоршаған ортаны қорғау туралы мол мағлұмат беріледі. Шараны БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» ұйымдастырып отыр. Елордада тұсауы кесілген фестиваль өзге қалаларда жалғасып, қараша айында  аяқталады. Мұндай фестиваль балаларды таза аймақ қалыптастыруға бейімдеп қана қоймай,  ғылыми тұрғыда жұмылдыруды көздейді. Сол мақсатта оқушылар қоршаған ортаны қорғауға арналған авторлық жобаларын ала келген. Мәселен, «Зерде» мектебінің оқушысы Санжар Пернебаев қоқыс қалдықтарынан газ, электр энергиясы, жылу және тыңайтқыш өндіруді ұсынып отыр. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу