Машина жасау саласы өркендей бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Машина жасау саласы өркендей бермек

28.03.2014
Машина жасау саласы өркендей бермек

2013 жылы отандық тауар, жұмыс пен қызмет үлесі 15 пайызға артты. Бұл туралы бүгін индустрияландырудың екінші бесжылдығы төңірегінде мұнай-газ, машина жасау саласын дамыту бойынша өткен кеңесте айтылды.

 
Оған 40-тан астам отандық және шетелдік кәсіпорын қатысты. Бүгінде елімізде машина жасау саласында ілгерілеушілік байқалады. Десе де, алдағы уақытта өнімнің жаңа түрлерін игеру, еңбек ресурстарын арттыру міндеті тұр, дейді мамандар.
 
Жиында тараптар жұмыс істеудің жаңа кестесінің тетіктерін, бірлескен кәсіпорындардың жұмысын реттеудің құқықтық шеңберлерін талқылады.
 
Айта кетерлігі, ҮИИД бағдарламасы аясында 4 жылдың ішінде 31,2 триллион теңгеге тауар, жұмыс пен қызмет сатып алынды, оның ішінде 56,5 пайыз отандық тауар үлесі. Мониторинг субъектілерінің жалпы сатып алу көлемі 63,1 пайызға жетті.
 
Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы:
Екінші фазаны іске қосарда машиналарға керек-жарақтың барлығы өзімізде өндірілуі керек. Оған «Теңізшевройл» келісіп отыр. Ол өзінің қондырғыларын әкелді. Шетелдік компанияларды бізге қарай бұрып отыр.
 
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу