Алматыда жер телімдері мәжбүрлі түрде алынады

29.03.2018

Алматыда жер телімдерін мәжбүрлі түрде алу туралы қаулы шықты. Бұл қаланың бас жоспарын орындауға арнайы жасалған қадам. Алынған жер учаскелеріне жол айырықтары салынып, су құбырлары жүргізілмек.  

Жалпы, көлемі 0,18161 гектар болатын жер телімдері мемлекет қажеттіліктері үшін сатып алынады. Нақтырақ айтқанда, Абай көшесін Момышұлы даңғылынан Наурызбай ауданына дейін ұзарту үшін қайтарылады. Сондай-ақ, ауданы 0,1955 гектар жер Рысқұлов-Емцов көшелерінде жол айырығын салуға алынады. Бұл аумақтар 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін босатылуы тиіс. Ал, ең үлкен территория Құлжа жол айырығын салуға арналмақ.

Ардақ Мәуленұлы, қалалық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта Алматы қаласының бас жоспарын орындау барысында көптеген инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде Емцов және Рысқұлов көшесі қиылысындағы «Жол құрылысы» жобасы бойынша қазіргі уақытта 86 жер үйге тиісті қаулы қабылданды. Жұмыс атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта тиісті қаражатты күтіп отырмыз. Қаражат түскеннен кейін сол жерлер сатып алынатын болады.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу