Импортталған құс етінен инфекция табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Импортталған құс етінен инфекция табылды

26.03.2018

Елімізге сырттан әкелінетін құс етінен жұқпалы ауру тудыратын бактериялар табылды. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті наурызда Ресей, Белоруссия, АҚШ-тан импортталған өнімдерге сынама жүргізіп, өрескел кемшіліктерді анықтаған. Атап айтқанда, 68 пайызында таңбалаудан қателік кеткен. Тауар сыртында өнімді сақтау мерзімі, құрамы жайында дұрыс ақпарат берілмеген. Әсіресе, қазақ тілінде сипаттама мүлдем жазылмаған. Сынама жасалған құс етінің 17 пайызында тұтынушыларды алдап, ет орнына су мен мұз ораған. Ал, еріген еттің ішінде инфекция қоздырғыштары көп кездеседі. Сондай-ақ, 500 сынаманың 9 пайызында бактериялар табылған. Қауіпті құс етінің 6 тоннасы саудадан алынып, жойылған. Мамандар әлі де дүкендер мен қоймаларда жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Бірнеше компанияның әкелген етінде инфекция тудыратын бәріміз білетін сальмонеллез, стафилококк,  ішек таяқшасы анықталды. Ең біріншіден, осы фирмаларды атап өту керек. Ол - «Брянский бройлер», «Чебаркульская птица», «Нагайбакский птицеводческий комплекс».

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу