Павлодарлық полицейлер жарықдиодты шамшырақ пайдаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық полицейлер жарықдиодты шамшырақ пайдаланады

26.03.2018

Павлодарлық полицейлер бұдан былай кеуделеріне жарықдиодты шамшырақтар тағады. Өңірде ішкі тәртіпті бақылайтын сақшыларды енді 1,5 шақырым қашықтықтан аңғаруға болады. Заманауи девайс қызыл және көк түсті сәуле шашып тұрады. Қалта телефоны сияқты қуатталады. Әзірге 200-ден астам құрылғы сатып алынды. Олар жеке құрамның түнде қызмет атқаратын бөлімшелеріне ғана берілді. Жаңа модуль еліміз бойынша тек Павлодарда қолданылады. Ал, әлем мемлекеттері арасында алғашқы болып қытайлық полицейлер сынақтан өткізді. 

Жасқайрат Қайыров, облыстық Жергілікті полиция қызметінің бастығы:  

- Адамдар көп жиналған жерлерде құқық қорғау қызметкерлерінің жүргенін еске салып, оларға ерекше сес береді. Тәртіп сақшысының жауапкершілігін арттырады. Мәселен, бағдаршам істемей қалған кезде жүргізушілерге бағыт көрсету үшін полицей жолдың ортасына барып тұрады. Сондықтан, қауіпсіздік тарапынан өте пайдалы.  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу