Астанада Ұлыстың ұлы күні жаңа рекорд тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ұлыстың ұлы күні жаңа рекорд тіркелді

22.03.2018

Қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаев ұзындығы 30 сантиметр болатын үш шегеге тұрып, кеудесін жерден 11 рет көтерді. Қазақстан бойынша бұрын-соңды мұндай рекорд жасалмаған. Спортшы бұл жетістікке жету үшін 2 жылдан астам уақыт бойы жаттыққан екен. Тимурдың көрсеткішін Қазақстан рекордтар кітабының арнайы өкілі тіркеп, сертификат табыстады. Спортшы енді Астананың 20 жылдығында көрсеткішін 20-ға жеткізіп, жаңа рекорд ортнатпақшы. 

Тимур Спатаев, спорт шебері:

- Бүгін «Қазақ Елі» монументі алаңында Қазақстан рекордын орнаттым. Осы орайда жастарға, бүлдіршіндерге спортпен шұғылданып, алға қойған мақсаттарына жетіп, биік табыстарды еңсерсін деп тілеймін. Осы шарада қолдау білдіргендерге үлкен алғысымды айтамын. Бұдан ары қарай да рекордтарды жаңартуға тырысамын.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу