Павлодарда Наурыз мейрамын тойлау бір ай бойы жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Наурыз мейрамын тойлау бір ай бойы жалғасады

22.03.2018

Дәл осы жерде халқымыздың салт-дәстүр, жоралғыларынан бастап, мәдениеті,тарихы, тұрмысы, тіпті, табиғи байлығымыз туралы мәлімет алуға болады. Этноқалашық «Атамекен» деп аталады. Әр киіз үй жеке-жеке тақырыптар бойынша безендірілген. Мәселен, қала қонақтары геологиялық материалдарға қарап-ақ өңірдегі өсімдік түрлерін, қандай аң, құс, жануарлар мекендейтінін біле алады. Ал, қатар тігілген мына екі киіз үйде ағаш жонып, тері илеп немесе темірден түйін түйіп жатқан шеберлердің өнерін тамашалауға болады. Ата-бабаларымыздан қалған мұраны қайта жаңғырту көпшілік тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.

Негізі, биылғы Наурыз танымдық тұрғыдан ерекшеленеді. Ойын-сауық, спорттық жарыстардың қай түрі болсын, қазақ ұлтының көнеден келе жатқан ғұрыптарымен ұштастырылып өткізілуде. «Рухани жаңғыру» Ұлыстың ұлы күнінен басталады» деген екен дара тұлғалы дала ұлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Наурыз мейрамын тойлау өңірде бір ай бойы жалғасады.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу