Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру италиялық технологиямен жүзеге асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру италиялық технологиямен жүзеге асырылады

20.03.2018

Осы мақсатта Азия Даму банкі 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құяды. Бүгінде Италия ет, сүт, өсімдік шаруашылығында «ақылды жүйелерді» пайдалануда әлемде көш бастап тұр. Соның арқасында еңбек өнімділігін арттырып, шығын үлесін едәуір азайтқан. Инвестиция қаражаты жергілікті фермерлерді озық құрылғылармен жұмыс істеуге машықтандыруға, инновацияны игеруге мүмкіндік береді. Жалпы, ауыл шаруашылығындағы сандық технологияларды пилоттық негізде 20 кәсіпорынға енгізу жоспарланған.

Джованни Капаннели, Қазақстандағы Азия Даму банкі өкілдігінің директоры:

- Алдағы төрт жыл ішінде Қостанай облысына 1 млрд. АҚШ долларын бағыттап, осында Білім орталығын ашуды көздейміз. Өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік үшін пилоттық жобаларға 350 мың доллар көлемінде грант ұсынуға келістік. Біз осы өңірге үлкен сенім артамыз. Болашақта цифрландыру бойынша Қостанай Қазақстанда алдыңғы орынға ие болады дегенге күмәніміз жоқ.

 

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу