Көне тараздың көшелері жасыл желекпен көркейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көне тараздың көшелері жасыл желекпен көркейді

20.03.2018

«Өз талыңды отырғыз!» акциясына ұйытқы болған «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиоттық партиясы. Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген партия төрағасы, сенатор Әли Бектаев саяси ұйымның мүшелерімен жиын өткізді. Белсенді жұмыс істегендерді марапаттап, ауыл жайына алаңдайтын азаматтарды салатанатты түрде партия қатарына қабылдады. Ал, экологиялық акция Наурыз тойы қарсаңында барлық өңірде өтуде. Партия мүшелері  айдың соңына дейін егілген ағаш санын 1000 данаға жеткізбек. 

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әрқайсымыз өзіміздің отбасымыздың мүшесіне бір-бір тал отырғызып, соны баптап, өсіруді міндетке алатын болсақ, шынында үлкен жұмыс болады деп есептейміз. Бүгінгі акция Тараз қаласынан басталып жатыр. Ертең Оңтүстік Қазақстан, әрі қарай Қызылорда, Алматы, Алматы облыстарында жалғасатын болады.

Хабарламаларға жазылу