Қазақстан мен Қытай арасында ғылыми-мәдени байланыс нығайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай арасында ғылыми-мәдени байланыс нығайып келеді

19.03.2018

«Қазақстан-Қытай қатынастарының жаңа кезеңі екі елдің ғылыми-мәдени кеңістігіне даңғыл жол ашады».    

Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Чжан Вэй осылай деді. Оның сөзінше, қазір екі елдің 40-тан аса университеті арасында тығыз байланыс бар. Оған қоса, көрші мемлекеттердің экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасы жыл сайын нығайып келеді. Қазір Қазақстанның «Нұрлы жолы» мен Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» бағдарламасы тек тараптарға емес, әлем үшін игілікті бастамаға айналды. Себебі, теңіз арқылы бір айдан аса уақыт кететін жол екі есеге қысқарып, оған кететін шығын көлемі де азайды. 

Нәбижан Мұхаметханұлы,  қытайтанушы:

- Қазіргі «Бір белдеу, бір жол» және «Нұрлы жол» аясындағы екі елдің ынтымақтастығы, білім-ғылым саласындағы байланысы болсын бәрі де артып келе жатыр. Мұны Қазақстан мен Қытай арасындағы студенттердің өзара алмасуынан да көруге болады.    

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу