Астанаға газ 2019 жылы жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға газ 2019 жылы жетеді

16.03.2018

2019 жылдың соңына дейін Астанаға «Сарыарқа» газ құбыры тартылады. Ал, құбырмен келген газды ауыл, үйге тарату ол жергілікті әкімдікке тікелей байланысты. Бүгін Үкіметке келген Энергетика вице-министрі Мағзұм МырзАғалиев осылай деді. Ең алдымен қаланы жылумен қамтып тұрған қазандықтарға газ жетпек. Одан кейін, ел арасында «юго-восток» деп аталатын мөлтек аудан көгілдір отынға қол жеткізеді. Осылайша, алдағы 3-5 жыл ішінде Астананың барлық аудандарына газ жетпек. 

Хабарламаларға жазылу