Жамбыл облысында су деңгейі бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында су деңгейі бақылауда

15.03.2018

Жамбыл облысы аумағында бүгінгі күнге су тасқыны қаупі жоқ. Өңірде 117 ірілі-ұсақты өзен-көл бар. Көп көлемде су жиналатын Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ су қоймаларында әзірге 80 пайызға дейін су жиналып, өзен арналарына жіберіліп жатыр. Шу, Талас, Аса өзеніндегі су деңгейі бақылауда. Өзен жағалауларын бекіту, дамбаларды нығайту жұмыстары жүргізілді.  95 шақырым дренажды канал мен 155 шақырым арық жүйелері тазартылуда. Жауын-шашын мол маусым болғандықтан, жасалған жұмыстарға қарамастан, халыққа сақтық шаралары түсіндіріліп жатыр. 

Арман Смайылов, Жамбыл облыстық ТЖД бөлім маманы:

 - Қап, мөшектер, құмдар мен техникалар барлығы әзірлікке келтірілген. Бүгінгі күнге нақты су тасқыны қаупі жоқ.  

Г.ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу