«Жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, жалпы қоғам болып жұмыла шешетін ортақ міндет». Астанада өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың 2-ші конгресінде агенттік төрағасы Алик Шпекбаев осылай деді. Шараға түрлі министрліктер мен мекеме басшылары және Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Конгреске еліміздің барлық өңірінен делегаттар келді. Қоғамның күш-жігерін біріктіретін осындай алаң құру - заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамалық негіздерінің бірі.
Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:
- Арнайы базалық ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар сол базалық құжатты талқыға салып, өз ұсынымдарын беріп, құжатта қабылдауы тиіс.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алик Шпекбаев: Жемқорлықпен күрес - қоғам болып жұмыла шешетін ортақ міндет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/59880/)