ШҚО-да су тасқаны салдарынан баспанасыз қалғандар үймен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да су тасқаны салдарынан баспанасыз қалғандар үймен қамтылады

14.03.2018

Тасқын судан жапа шеккен аягөздіктерге көмек көрсету үшін 50 миллион теңге қаражат бөлінді. Селдің салдарынан Шығыс Қазақстанда 230 үй мен 200-дей ауланы және 100-ден астам саяжай аумақтарын су алып кеткен. Әсіресе, Аягөз қаласы қатты зардап шекті. 8 үй қирап, 10 тұрғын үй апатты жағдайда тұр. Үйін су басқан аягөздік 400 тұрғын қазір мектеп интернаттарда тұрып жатыр. Облыста апаттың болары алдын ала ескертілгенімен, жауапты мамандардың тарапынан салғырттық кеткен. Енді аймақ басшысы Аягөздегі үйі қирап қалған тұрғындар тегіс баспанамен қамтамасыз етілетінін жеткізді.  

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- 2-3 күннің ішінде 8 үй сатып аламыз. 60 пәтерлі үй салынып жатыр. Бірақ та, оны іске салатын уақыт 4 айдан кейін болады. Сол себепті, барлық 18 үйді қайталама нарықтан тез арада сатып алу керек. 

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу