Қаржы нарығының интеграциясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы нарығының интеграциясы

26.03.2014
Қаржы нарығының интеграциясы
Кедендік одақ елдерінің ортақ қаржы нарығын қалыптастыру күрделі шаруа. Ол үшін үш елдің ерекшелігін жан-жақты зерттеп, асықпай шешім қабылдаған жөн. Мәскеу қаласында өткен форум барысында банк саласының мамандары жиналып, қаржы секторындағы интеграцияның келешегі мен кедергілерін талқылады.
 
Жиынға қатысқан Қазақстан тарапының пікірінше, бұл бағытта алға жылжу үшін, бірінші кезекте әрбір елдің ұлттық заңнамасын бір-біріне барынша жақындастыру керек. Себебі, әр елдің қаржы нарығы, ұзақ жылдар бойы өзінің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты, түрлі бағытта дамыды.
 
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
Соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстан мен Ресей қаржы нарығының дамуындағы айырмашылықтар айтарлықтай. Қазір біздің қаржы жүйеміз әртүрлі. Бұл бағытта интеграцияны дамыту үшін, алдымен мәселені құқықтық тұрғыда шешіп, банк саласын реттеу кезінде барлық тараптың мүддесін ескеру керек. Ең бастысы, қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан бұл істе асығуға болмайды.
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу