Қызмет түрлері жетілдірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызмет түрлері жетілдірілуде

07.03.2018

«Мемлекеттік қызмет түрлерін жетілдіру». Бүгін осындай тақырыпта Астанада брифинг өтті. Оған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары және басқа да сала қызметкерлері қатысты. Баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау саласы, білім және әлеуметтік қорғау бағыттары бойынша ақпараттар айтылды. Оның ішінде тұрғындарды мемлекеттік қызмет түрлерін электронды түрде алу туралы кеңінен баяндалды. Өйткені, бұл амал арқылы азаматтар ақша мен уақыттарын үнемдейді. 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу