Сенатта су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары пысықталды

06.03.2018

Биыл елде 35 тұрғын үй мен 600 аула аумағын су шайып кеткен. Бұл туралы Сенат қабырғасында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын пысықтау барысында айтылды. Күн жылынып, қардың еруіне байланысты Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы және Байқоңыр қалалары зардап шегіп отыр. Ақмола облысында да соңғы жылдары ахуал қиындап барады. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева су мәселесінде салғырттық танытуға болмайтынын айтады.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Су қауіпсіздігі мәселесі жылда көтеріледі. Дегенмен, шешілмей жатқан сұрақтар жылдан-жылға көбейіп барады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу