Ауылдарда спорт нысандары аз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдарда спорт нысандары аз

01.03.2018

Ауылдарда спорт нысандары саусақпен санарлық. Еліміз бойынша 11 мыңнан аса спорт ғимаратының 9 мыңы мектеп қабырғасында жұмыс істейді. Өз алдына жеке секциялардың жоқтығы жастардың шынығуына қолбайлау. Бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде шешу көзделіп отыр. Осы мақсатта өңірлердегі Спорт және дене шынықтыру басқармасы өкілдеріне әріптестік әдіспен елді мекендерде орталықтар ашу жайы түсіндірілді. Бірақ, мұның оңай болмайтыны анық. Өйткені, инвесторларды нысанды салуға жұмсалған қаржының қайтарымы ойландырады. 

Ерлан Оспанов, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті ауылдық жерлерде қолдану қиын. Оған өзінше бір ықпал ету керек сияқты. Яғни, сол инвесторды елді мекенде спортты дамытуға қызықтыру. Соның жолы бар ма?  

Артур Цыганов, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының жобалар басқарушысы:

- Қысқа мерзімді келісімшартқа отыруға болады. Мысалы, 5 жылға. Жеке серіктес ғимаратты салып, оны мемлекетке береді. Сөйтіп, 5 жыл бойына қандай да бір сыйақы алып отырады. Ал соңында нысан толықтай мемлекет меншігіне өткізіледі. Бұдан басқа да нұсқалары бар. Бәрі екі тараптың келісіміне байланысты. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу