Ерасыл Арғынбаев Қарағанды облысының Нұра ауданында ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерасыл Арғынбаев Қарағанды облысының Нұра ауданында ұсталды

27.02.2018

Астанадағы тергеу изоляторынан қашқан Ерасыл Арғынбаев Қарағанды облысының Нұра ауданында ұсталды. Қырағылық танытқан сақшылар қылмыскерді 1 тәуліктен аса уақыт ішінде ұстады. Қылмыскер Астана аумағынан жаяу өткен көрінеді. Содан әбден шаршаған ол түннің бір уағында үлкен жолдың бойына шығып, «Жигули» көлігін тоқтатқан. Аудандық ішкі істер бөлімінің мамандары көлікті тоқтатып, күдіктіні қолға түсірді. Естеріңізде болса, Қарағанды облысының 36 жастағы тумасы Ерасыл Арғынбаев 25-ші ақпанда Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен еді. 

Аглая Тұрланова, Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметінің сарапшысы:

- Ұстау кезінде сотталған азамат қарсылық көрсеткен жоқ. ҚК 426-бабы бойынша қашқан сотталғандарға 3 жыл қосымша жаза тағайындалады. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізілуде, айыпты тұлғалар әкімшілік тіпті, қылмыстық жазаға тартылатын болады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу