Үкімет отырысында Ақтөбе агломерациясын кеңейту жобасы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысында Ақтөбе агломерациясын кеңейту жобасы қаралды

27.02.2018

Бүгінгі Үкімет отырысында қаралған тағы бір мәселе Ақтөбе агломерациясын кеңейту жобасы. Еліміздегі ірі қалалар Астана, Алматы, Шымкенттен кейін бұл қатарға Ақтөбені қосу бойынша нақты жоспар дайындау туралы шешім қабылданды. Бұған сәйкес қала маңындағы жолдар күрделі жөндеуден өтеді, құрылыс қарқыны артады. Темір жол желісінің 150 шақырымына электр желісі тартылады. Осы күні 670 мың халқы бар өңірді болашақта миллионды шаһарға жеткізу жоспары бар. Нәтижесінде табыс еселеніп, түсім арта түседі.  

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

- Бюджетке түсетін түсім егер қазір 450 млрд. теңге болатын болса, оны біз жақын уақытта 650 млрд-қа жеткіземіз. Жалпы, осы агломерацияның негізінде өңір экономикасының дамуы жылына 5 пайызды құрайды.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу