Әлемдегі санаулы алып адамның бірі Александр Демеуов Атырауда тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі санаулы алып адамның бірі Александр Демеуов Атырауда тұрады

27.02.2018

Оның бойының ұзындығы - 2 метр 18 см. 32 жастағы бойшаң жігіт спорттық бәсекелерде топ жарып, талай жетістікке жеткен волейболшы.

Александрдың аяқ киімінің өлшемі 56, салмағы 170 келі. Киімді тапсырыспен алып, аяқ киімді арнайы тіктіреді. Бойының ұзындығы көбіне жүріп тұруына кедергі келтіреді.

Александр Демеуов, параволейболшы:

- Бойымның ұзындығы қоғамдық орындарда қолайсыздық туғызады. Әсіресе, ұшақ пен пойызда ыңғайсыз. Біздей ерекше адамдарға арналмаған.

Кезекті сайысқа дайындалып жатқан Александр команданың бетке ұстары. Параволейболдан таңдаулылар ішінде. Құрама бапкері Бауыржан Тахауовтың айтуынша, әлемнің бойшаң спортшыларының қатарында.

Кейіпкеріміз үшін спортпен шұғылдану күнделікті дағдыға айналған іс. 9 жылдан бері құрама сапында жаттығып келеді. Байрақты бәсекелерде командаға жеңіс сыйлағаны тағы бар.

Александр Демеуов, параволейболшы:

- Мен үшін спорт денсаулық кепілі. Үнемі қимыл-қозғалыста боламын.  Үйде жата берсем, аурушаң болып қалатын тәріздімін. Құрамада достарым көп, команда менің екінші үйім.

Ал, қазір Александрдың  командасы  Голландия мен Джакартада өтетін әлемдік додаларға дайындық үстінде. 

Жандос Темірғалиев, тілші:

- Бүгінде Сашаның екі-ақ арманы бар. Бірі Олимпиада чемпионы атану. Ал, екіншісі үйленіп әке болу.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу