Елімізде 40 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 40 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді

22.02.2018

«Есірткімен күрес - күн тәртібіндегі басты мәселе». Бүгін Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында Қуаныш Сұлтанов осылай деді. Кездесу кезінде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың баяндамасы тыңдалды. Жалпы, осы бағытта мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан істер сараланып, комиссия мүшелерінің ой елегінен өтті. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 40 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Жиналғандар тәрбие тал бесіктен басталатынына тоқталды. Нашақорлықпен күрес әр үйдің ішінде басталуы тиіс. Бұл орайда, ата-аналарға және ұстаздарға зор жауапкершілік артылып отырғаны айтылды. 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы:

Мақсат - нашақорлықтың қаншалықты зияны бар екенін түсіндіру. Бәрін бірдей әкімшілік шарамен атқара алмаймыз, адам баласының санасы соған жетуі керек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу