Көппәтерлі үйлерді басқарудың «E-shanyraq» бірыңғай жүйесі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көппәтерлі үйлерді басқарудың «E-shanyraq» бірыңғай жүйесі енгізіледі

22.02.2018

Бұл туралы бүгін Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері айтты. Аталған жүйе - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысы бар барлық азамат пен бизнес өкіліне арналған. Тұрғындар бұл қызмет арқылы коммуналдық қызмет төлемдерінің көлемі мен есептеулердің дұрыстығын тексеріп, электронды түрде дауыс бере алады. Сондай-ақ, тұрғын үйді басқарушы мекеменің қызметіне бақылау жүргізу мүмкіндігі де қамтылмақ. Айта кету керек, бұл жүйені қосу туралы осыдан бірнеше жыл бұрын хабарланған. Құзырлы орган басшылары түрлі себептермен кейінге шегеріліп келген қызмет жыл соңына дейін қосылады деп сендірді. Бұл жұмыс цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асуда.

Нұрсұлтан Жиенбаев, ҚР ИДМ «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы:

 - Біз осы саладағы әлемдік тәжірибені талдадық. Қазір жобаның тұжырымдамасы дайын. Келесі айда «Зерде» холдингінің көмегімен хакатон ұйымдастырылады. Яғни, өнертапқыштар мен IT мамандар жобаға үлес қоса алады. Бұл қызмет сайтта да, мобильді қосымшада да қолжетімді болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу