Семейде пандусы жоқ мекемелер айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде пандусы жоқ мекемелер айыппұл төлейді

20.02.2018

Семейде мекемелердің кіреберісіне пандус орнатпағандар 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 900 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында айтылды. Қазір шаһарда мүмкіндігі шектеулі жандар жиі баратын 370-тен астам нысан бар. Бірақ, олардың барлығында жағдай жасалған деп айту қиын. «Себебі, пандустар бекітілген нормаларға сай келмейді», - дейді комиссия мүшелері. Тіпті кейбірінде баспалдақ таяныштары мен төбе жабындылары да жоқ. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңның талаптарын орындамаған мекеме-ұйымдардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.  

Айдар Самаев, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі жетекшісінің орынбасары:

- Бюджеттік ұйымдарға 50 айлық есептік көрсеткіш, шағын бизнес өкілдеріне 120, орта кәсіпкерлікке 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ірі кәсіпорындар 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ереже бұзушылық қайталанатын болса, онда айыппұл мөлшері де өседі.

 

Дарын САҒИТОВ 

Хабарламаларға жазылу