Қазақстанға қайта алмай жүрген павлодарлық Виктория Мозговая мен оның қызына консулдық көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға қайта алмай жүрген павлодарлық Виктория Мозговая мен оның қызына консулдық көмек көрсетілді

14.02.2018

Түркияда Қазақстанға қайта алмай жүрген павлодарлық Виктория Мозговая мен оның қызына консулдық көмек көрсетілді. Осы елдің азаматымен көңіл жарастырған жерлесіміз жеке басына қауіп төніп тұрғанын алға тартып, дипломаттардан араша түсуді сұраған. Викторияның Стамбулға осыдан 10 ай бұрын қызымен бірге барғаны белгілі болды. Бірақ, 1 ақпан күні  консулдыққа оның атынан өтініш келіп түседі. Кейін дипломаттардың оларға көмек көрсетуі кезінде жергілікті соттың Викторияның перзентіне елден шығуға уақытша тыйым салғаны анықталады. Оған Түркия азаматының сәбидің әкесін анықтау үшін ДНК тестін өткізуге арыз білдіргені себеп болған. 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу