Мемлекеттік қызметкерлер кеудесіне бэйдж тағып жүруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлер кеудесіне бэйдж тағып жүруі мүмкін

12.02.2018

Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер кеудесіне бэйдж тағып жүруі мүмкін. Мұны Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Салауат Мұқсымов айтты. Қызметтік куәліктің орнына келетін құжатта адамның аты-жөні, байланыс нөмірі, элетрондық мекен-жайы көрсетіледі. Әзірге, бұл бастама агенттік ішінде тәжірибеден өтеді. Сәтті болса, барлық мемлекеттік қызметкерлер кеудесіне бэйдж ілінеді. Сонымен қатар, жемқорлық мәселесі де сөз болды. Арнайы мониторинг тобының мүшелері жемқорлықпен күресті әр адам өзінен бастау керек деген пікірде. 

Мұрат Әбенов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы жанындағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасыл экономика» комитетінің мүшесі :

 - Азаматтарымыз мәселесін парамен шешпей, заңды түрде жүруі керек.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу