Заңсыз балық аулаушылармен күрес күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз балық аулаушылармен күрес күшейтіледі

08.02.2018

Атырау облысында заңсыз балық аулаушылармен күрес күшейтіледі. Бұл туралы Құрманғазы ауданында өткен өңірдегі балық шаруашылығындағы мәселелерге қатысты көшпелі жиында айтылды Аймақ басшысы кадрларды ротациялау тетіктерін ойластыруды тапсырды. Өйткені, браконьерлерді құрықтауда маман тапшылығы бар. Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев құқықбұзушылыққа табиғат пайдаланушылар мен кооперативтердің қатысы барын да алға тартты. Мәселен, өткен жылдың қорытындысына сай, заңсыз айналымнан 107 тонна балық, соның ішінде 2 735 келі бекіре тәркіленген.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу