Елімізде «Қайырымдылық» атты республикалық акция өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Қайырымдылық» атты республикалық акция өтуде

05.02.2018

Қаңтардың онынан бастап ақпанның онына дейін елімізде «Қайырымдылық» атты республикалық акция өтуде. Шараның мақсаты - көпбалалы және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету. Ауқымды акция аясында бүгін Астанадағы№15 мектеп-лицейінде қайырымдылық жасалды. Мектептегі бір топ оқушыларға түрлі сый-сияпаттар жасалып, балалар керек-жарақпен қамтылды. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ғалия Омашова, №15 мектеп-лицейі директорының орынбасары:

- Бүгін біздің мектебімізде үлкен іс-шара. Яғни, осы қамқорлық акциясына белсене қатысып, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға көмек көрсетудеміз.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу