Бірлескен кәсіпорындар саны артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірлескен кәсіпорындар саны артады

02.02.2018

Қазақстанда Біріккен Араб Әмірліктері капиталының қатысуымен 233 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Алдағы уақытта оның санын арттыру көзделіп отыр. Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабер екі елдің экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын талқылады. Мемлекеттік хатшы Араб Әмірліктерінің Астанадағы «ЭКСПО» көрмесіне белсенді атсалысқаны үшін ризашылығын айтып, Дубайдағы келесі «ЭКСПО-2020» көрмесінің жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.  

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу