Әлеуметтік кәсіпкерлерге қолдау артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік кәсіпкерлерге қолдау артады

31.01.2018

«Кәсіпкерлік пен қайырымдылықты қатар алып жүргендерге қолдауды әлі де күшейту қажет. Сонда бизнес экономикаға ғана емес әлеуметтік саланың бойына қан жүгіртуге қауқарлы болады». Бұлай деп бүгін Астанада өткен форумда айтылды. Басқосуда Ұлыбритания мен Қырғызстаннан келген қонақтар тәжірибелерімен бөлісті. Мәселен, Ұлыбритания – әлеуметтік кәсіпкерлік саласында әлем бойынша көшбасшы саналады. Кәсіпорындарының 20 пайыздан астамының әлеуметтік миссиясы бар. Олар 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орнын ашқан. Осыншалықты жетістікке жеткен елдің тәжірибесі Қазақстан үшін аса маңызды болмақ. 

Роуэн Кеннеди, Қазақстандағы Британ кеңесі директорының орынбасары:

- Ұлыбританияда әлеуметтік кәсіпкерлік деген ұғым осыдан 25 жылдай бұрын қалыптасып қалған. Әлі де жылдам дамып жатыр. Дегенмен, әлеуметтік кәсіпкерлік туралы арнайы заң жоқ. Ал, Қазақстанның бұл бағытта тәжірибесі әзірге аз. Сондықтан, бірқатар міндеттерді заңмен бекіту қажеттігі де туындауы мүмкін. Біз алдағы уақытта осы мәселені зерттеп-зерделеуді жоспарлап отырмыз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу