Қарағанды қаласындағы №58 мектеп оқушыларына сары ауру сусыннан тараған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды қаласындағы №58 мектеп оқушыларына сары ауру сусыннан тараған

31.01.2018

Қарағанды қаласындағы №58 мектеп оқушыларына гепатит «А» үйден әкелінген компоттан жұққан. Балалар жеміс сусынын жаңа жыл қарсаңында би кешінде ішіп, содан ауырған болып шықты. Қазір сары ауру жұқтырғандардың саны 51-ге жеткен. Оның 34-і - оқушы. Әсіресе, қаладағы №58-мектепте науқастар саны күн сайын көбейіп барады. Облыс бойынша қоймада 7 мың доза ғана вакцина сақтаулы тұр. Эпидемиялық жағдайдың алдын алу үшін облысқа Ресейден тағы 60 мың дана вакцина сатып алынбақ. Дәрігерлер науқастармен қарым-қатынаста болғандар және ауру шыққан мектептердің 9-10 сынып оқушыларына екпе жасауды бастап кетті. Бір ғана №58 мектепте 700 оқушыны қамту жоспарланған. Бұдан бөлек, сауда орындарына да тексеріс жүргізіледі.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу