Елімізде кәсіподақтар жаңару мен жаңғыру жолында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кәсіподақтар жаңару мен жаңғыру жолында

25.01.2018

Қазақстан кәсіподақтар ұйымы жаңару мен жаңғыру жолында. Бүгін Астанада Кәсіподақтар федерациясы мен салалық білім және ғылым қызметкерлерінің қатысуымен республикалық форум өтті. Шара Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Форумда білім беру саласын реформалау жағдайындағы кәсіподақ ұйымдарының міндеттері айтылды. Жиын барысында федерацияны жаңғырту бойынша әзірленген «Жол картасы» да талқыланды. Бұл құжат әлеуметтік еңбек қатынастарын арттыруға бағытталған.  Айта кетейік, бүгінде кәсіподақ ұйымдары жұмыс орындарын сақтау жөнінде 110 мыңнан астам меморандум бекіткен. 

Майра Амантаева, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

- «Рухани жаңғыру» және Елбасы Жолдауына байланысты мектептерде, жоғары оқу орындарында кәсіподақ мүшелері жұмыс берушілермен бірігіп халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Соның ішінде жаңа мазмұнға көшкен мұғалімдерге еңбекақы 30 пайызға көтеріледі. Осының өзін мұғалімдер үлкен қуанышпен қарсы алып жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу