СҚО  Біріккен Араб Әмірліктерімен әріптестік туралы бірнеше  меморандум бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО  Біріккен Араб Әмірліктерімен әріптестік туралы бірнеше  меморандум бекітті

25.01.2018

Өңір басшысы бастаған делегация құрамында мемлекеттік органдар қызметкерлері, кәсіпкерлер мен қаржы институттарының өкілдері бар. Екі жақты кездесуде Біріккен Араб Әмірліктері өнеркәсібінің әлеуеті таныстырылып, өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндігі баяндалды. Теріскейден барған делегация араб компаниялары және Фуджейра университетімен серіктестік жайында 4 меморандумға қол қойды.   

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 - Бүгін бүкіл әлемде жаңартылатын энергия көзін пайдаланудың үлесі - 30 пайыз. 50-ші жылдарға қарай, мұндай қажеттілік 70 пайызға жетуі мүмкін. Қазақстан Президенті ел азаматтарына 2030 жылға дейін жаңартылатын энергияның мөлшерін 30 пайызға жеткізуді тапсырды. Бұл мақсатта өткен жылы «ЭКСПО» Халықаралық көрмесі  ұйымдастырылып, онда ұсынылған бірқатар жобаны жүзеге асыру көзделген. Бүгін бұл бағыттағы мүмкіндігіміз бар жер, күн, су, биомассадан энергия біртіндеп өндіріліп келеді.

Хабарламаларға жазылу