Ақтөбе-Ырғыз тас жолында өзбек азаматтары мінген тағы бір автобус істен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе-Ырғыз тас жолында өзбек азаматтары мінген тағы бір автобус істен шықты

23.01.2018

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Көлікте қазақстандық үш жүргізуші мен 47 өзбекстандық және Ресей азаматтығын алған 6 адам болған. «Шымкент-Уфа» бағыты бойынша жолға шыққан «Setra» маркалы автобус сынып, Қалыбай ауылынан 24 шақырым жерде тұрып қалған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жолда қалғандардың барлығын қауіпсіз жерге көшірді. 26-сы жылыту пунктіне, 27 адам «Қалыбай» трассалық медициналық-құтқару бекетіне уақытша орналастырылды.

Ақтілек Кеңес, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы: 

- Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «Апаттық медициналар орталығының» күшімен барлық адам құтқарылды. «ҚазАвтоЖол» серіктестігінің көмегі арқылы сынған автобус Қалыбай ауылына жеткізілді. Енді жолаушыларды діттеген жеріне жеткізу үшін Шымкенттен автобус шықты. 

Райгүл ЕНШІБАЙ

Хабарламаларға жазылу