«Тәуелсіздік дәуірі» - ел дамуының айнасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тәуелсіздік дәуірі» - ел дамуының айнасы

22.01.2018

Егемен елдің жылнамасына баланған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы көпшілік арасында кеңінен талқылануда. Мемлекет басшысының еңбегінде еліміздің 26 жылда жүріп өткен жолы мен бағындырған жетістіктері көрсетілген. Ширек ғасырда Қазақстанның білім саласында жеткен табыстары толағай. Сала кешенді реформадан өтті. Мыңнан астам жаңа мектеп салынды. «Болашақ» арқылы әлемнің үздік оқу орындарында білім алған білікті мамандар жаңа Қазақстанның қалыптасуына өз үлестерін қосып келеді. «Ал, бұл кешенді өзгерістердің барлығы да нарықтық экономиканың арқасында», - дейді Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов.

Сапар Ахметов, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:

- Экономикамыз жақсы дамымай қоғамдық мәселелер, саяси мәселелер қарқынды дамымайды. Ал, экономикалық жетістіктердің арқасында біз басқа да бағыттарды іске асырамыз.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу