Кейбір мемлекеттік органдарда жалақы мен сыйақы беру жүйесі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кейбір мемлекеттік органдарда жалақы мен сыйақы беру жүйесі өзгерді

22.01.2018

Енді олар мереке қарсаңында берілетін сыйақы алмайтын болды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері хабарлады. Қанатқақты жоба әзірге тек Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдіктерінде, Әділет министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде енгізіліп отыр. Оған сәйкес, әр қызметкердің жалақысы жұмыс өтілі мен санатына байланысты болады. Сондай-ақ, жұмысқа ынталандыру үшін нәтижелі еңбек еткен қызметкерлерге жыл соңында 4 айлық көлеміне дейін сыйақы беріледі. Ал, жұмысын нашар істегендер құр ғана жалақысын алып отырады.

Ғанижан Асанұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы:

- Бұл - бәсекелестік тудырады. Ал, бәсекелестік бар жерде сапа бар. Яғни, қызметшілердің арасында бәсекелестік болса, олар бірлесіп, мемлекеттік органның алдында тұрған стратегиялық міндетке қол жеткізеді. Тиісінше, жыл соңында мемлекеттік органның жұмысы тиімді болып бағаланса, онда барлық қызметкерлерге белгілі бір мөлшерде сыйақы беріледі.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу