Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке көңіл айту жеделхатын жолдады

18.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты. «Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдауым мен ниеттестігімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», делінген жеделхатта.

Хабарламаларға жазылу