Елімізде күрт өзгерген ауа райының салдарынан бірқатар облыстың жолдары жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде күрт өзгерген ауа райының салдарынан бірқатар облыстың жолдары жабылды

11.01.2018

Кейбір аймақтарда желдің жылдамдығы 30 метр/секундқа жеткен. Кеше кешкісін басталған дауыл елорда тұрғындарын да әбігерге салды. Көшеде көлік түгілі адамдардың жүруі қиындап, тұрғын үйлердің шатыры құлаған. Тіпті, әуе рейстерінің ұшуына да шектеу қойылды. Ауа райының дәл қазіргі жағдайын тілшілеріміз тікелей эфирге шығып жеткізсін. Сөз кезегі әріптесім Досымжан Ермұратта.

Астананың ақ түтек аязы енді басталды. Қатты жел мен қалың қардан аяқ алып жүру қиын.

Темір жол жұмысына келер болсақ, ауа райы олардың жұмысына ешқандай кедергі келтірген жоқ. Бәрі уақытылы кесте бойынша жүріп жатыр. Оңғар сөз кезегі өзіңде.

Ауа райы тұрақталғанша төтенше жағдайлар қызметінің ескертулеріне құлақ түріп, аса сақ болғандарыңыз жөн.

Хабарламаларға жазылу